Өзбекстан аумағын ДАИШ содырлары атқылаған: Билік жауап берді

2835
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/i-1.jpg
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Термез ауданындағы Ауғанстан аумағынан әскери нысандарға шабуыл болғанын жоққа шығарды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы
Кейбір Telegram-арналарда Ауғанстан аумағынан Өзбекстан қарулы күштерінің Термез облысындағы бөлімшелеріне зымырандық шабуыл жасалды деген ақпарат «шындыққа мүлде жанаспайды», - деп хабарлады Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов. 
«Өзбекстан Қорғаныс министрлігі мен Шекара әскерлерінің мәліметі бойынша, өзбек-ауған шекарасында әскери белсенділік байқалмайды, жағдай тұрақты. Арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймыз», - деп шақырды ол.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Комментарии