Қазақстанға наурыз айында 17 мыңнан астам Ресей азаматтары көшіп келген

2750
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/2021_03_18_2020_02_05_111.jpg
«2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ресейдің 16 837 азаматы Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алды», деп мәлімдеді  ІІМ баспасөз қызметі. Ресейліктердің ең көбі – 2463 адам Қызылорда облысына тұруға келген. Алматыға – 2116 адам, БҚО -1677 адам, Қостанай облысына – 1525 адам тұруға рұқсат алған. ІІМ мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясы азаматтарының негізгі бөлігі – 8217 адам қызмет бабы бойынша қоныс аударған. 24 ақпан мен 13 сәуір аралығында Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуға 677 өтініш берілген. Бұған дейін Ресейдің 170-ке жуық азаматы Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдіргені, әрі Қазақстанда тұруға рұқсат сұраған ресейліктердің саны көбейгені туралы айтылған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии