Home » Жаңалықтар » Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті

Алматыда «Ұлы дала ойындары» фестивалі өтті

Алматыда мерекелік «Ұлы дала ойындары» фестивалі ұйымдастырылды.

Мұнда бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, жамбы ату, аударыспақ сынды ұлттық ат спорты түрлерінен тартысты дода өтті. Бұған қоса асық ату, қазақ күресі, бағанаға өрмелеу мен қошқар көтеру сынды ептілік пен мергендік, білек пен жүрек, күш пен жігер сынға түскен жарыстар жастардың қызығушылығын арттырды. Бұл шараның жалпы жүлде құны 18 миллион теңгені құрады. Спорттың әр түрінен жеңімпаз атанғандарға қомақты қаржылай және бағалық сыйлықтар берілді. Сонымен қатар ұлттық қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.  Айдос Бағашев, «Ұлы дала» ойындары фестивалінің ұйымдастырушысы: – «Ұлы дала ойындары» жеңімпаздарына бүгінгі фестивальда шамасы 18 млн дай қарастырылған. Сол бойынша барлық іс шаралар бойынша таратылатын болады.


24.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

76 жылдан кейін ардагер денесі табылып, қайта жерленді

Семейде 1942 жылы Ұлы Отан соғысына шақырту алған соғыс ардагері Сартай Бейімбетовтың денесін қайта жерлеу ...