Жамбыл облысында ажырасқан әйел жасауын қайтару үшін сотқа жүгінген

1452
Фото: tote.qamshy.kz
Фото: tote.qamshy.kz
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғыны сотқа қыз жасауындағы мүлкін қайтарып алу талабымен жүгінген, деп жазады  "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Жамбыл облыстық соты хабарлады. 
2021 жылдың маусым айында талап қоюшы жауапкермен мұсылмандық некеге тұрған. Тойдан кейін  қалыңықтың туыстары дәстүр бойынша қыз жасауын сыйлаған.  Алайда отбасында орын алған түсініспеушіліктердің салдарынан ерлі-зайыптылар ажырасқан. Күйеу жігіттің туыстарының қыз жасауын қайтарудан бас тартуынан кейін, қалыңдық аталған мүлікті қайтарып алу туралы сотқа жүгінген.
"Істі қарау барысында сот медиациясын жүргізу жолымен тараптар дауды бітімгерлікпен шешу туралы келісім жасады. Оның шарттарына сәйкес, жауапкерлер 2022 жылдың 14 сәуіріне дейін талап қоюшыға тізімге сәйкес қыз жасауын өз еріктерімен қайтаруға міндеттенді. Ал талап қоюшы белгіленген мерзімде мүлікті тиеп, әкетуге міндеттенді", - делінген хабарламада.
Сотпен медиативтік келісімді бекіту мен істі тоқтату салдары түсіндірілді. Медиативтік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енді.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket