17 ақпанда Сенатта Қазақстанды электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі кеңінен талқыланып, Сенат депутаты Рысқали Қалиақбарұлы Әбдікеров цифрлық криптовалюта майнингімен айналысатын «майнинг-фермаларға» қатысты пікірін білдірді.
"Кейінгі кезде электр энергиясының жетіспеушілігіне цифрлық криптовалюта майнингімен айналысатын «майнинг-фермалар» құрал-жабдықтарының көбеюі себеп болып отыр. Бұл ретте Кембридж баламалы қаржы орталығының (CCAF) мәліметтеріне сәйкес криптовалют майнингі көлемі бойынша Қазақстан әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орында екен", – деді Рысқали Әбдікеров.
Сенат депутатының сөзін тексереміз.
Үкім: Шындық
Кембридж университетінің альтернативті қаржы орталығының (CCAF) мәліметтеріне сәйкес, Қытайда майнингке тыйым салынғаннан кейін Қазақстан әлемдік биткоин өндірісі бойынша 18, 10% пайыз көрсеткішпен екінші орынға шықты.
Бірінші орында 35, 40% пайыз көрсеткішпен АҚШ, үшінші орында 11, 23% пайыз көрсеткішпен Ресей тұр.
Зарина ӘШІРБЕК,
"Адырна" ұлттық порталы