Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды

2397
Adyrna.kz Telegram

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды", - делінген жарлықта.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер.

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының м.а., басшысы.

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

“Адырна” ұлттық порталының ұжымы шын жүректен құттықтайды!

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер