ҚР Энергетика министрі: Мәскеулік әріптестерге мұнай құбырындағы жарылыс туралы ақылдасуға барып қайтамын (ВИДЕО)

3030
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/d680b9dd-994b-489b-beb1-121396efbbf1.jpeg
Қазақстандықтар Энергетика министрі Ақшолақов Болат Оралұлының айтқанына ашулы, деп хабарлайды “Адырна” сайты. Көпшілік алдында жарылған құбырға қатысты берген түсініктемесінде:
“Кәсіби, білікті жөндеушілер қажет. Осы жөнінде Мәскеулік әріптестерге ақылдасуға барып қайтамын” деді.
Жұртшылық: “Құбыр жарылғалы қанша уақыт өтті, енді ғана барып ақылдасамыз деп жүр” деп шүйлікті. Видеоны “Адырна” порталының телеграм арнасынан көре аласыз.
Комментарии