Голливуд актері Микки Рурк Украинадағы «арнайы операцияның» жаңа командирі туралы айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Мариупольде жарылыс салдарынан 22 мың қарт, балалар және олардың отбасылары қаза тапты. Енді, ең сорақысы, Ресей ол жаққа өте атышулы генерал Александр Дворниковты жіберіп жатыр. Оның аты Сириямен соғыс кезінде қарттарды, балаларды және бейбіт тұрғындарды өлтірткенімен белгілі. Бұл кісі жүрексіз, мейірімсіз айуан. Күн сайын, күндіз-түні, Украинаның батыл президенті Зеленский осы елді болып жатқан санасыз қорқыныштан қорғау үшін қажет қару-жарақтарды әлемнен сатып алуды жалғастыруда. Неліктен Америка Құрама Штаттары мен барлық НАТО елдері президент Зеленскийге оған және оның халқына күресу үшін қажет нәрсені бере алмайды. Украиндар демократиялық өмірде өмір сүргісі келетін батыл халық. Мен жаңалықтарды тыңдаймын, тіпті осы қанды қырғынды, қанды оқиғаны және әр түнде бір нәрсені көріп отырып, кешкі ас іше алмаймын. Ендеше, қара қан басымызды ойлап қана қоймай, шынайы көмектесуге асығып, осы адамдарға дәл қазір қажет нәрсенің бәрін берейік. Мен сіздермен жеке бір нәрсе бөлісемін. Менің Дима есімді досым бар. Ол маған қашан да қол ұшын созып, керек кезде көмек көрсететін жақыным. Оның елінде қанды қырғын болып жатыр. Қай күні Дима үйге жаман хабармен кіріп келеді деп, жүрегім ауырады” деп бөлісті ол.