Ресейге салынған санкциялардың кесірінен 150 мың жүк вагоны тоқтап қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл көрсеткішті министрлік Федерация Кеңесінің экономикалық саясат жөніндегі комитетінің басшысы Андрейдің Кутеповтың сауалына жауап ретінде айтты.
Құжатта жүк көліктерінің тоқтап қалуына «тез өзгеретін нарықтық орта» және «санкциялық шектеулерден туындаған жүк ағыны бағытының өзгеруі» себеп болды.
Вагондардың тоқтап қалуы, министрлік атап өткендей, «пайдалану жағдайына теріс әсер етеді», сонымен қатар «жүк тиелген вагондарды жылжытуды қиындатады».
“Адырна” ұлттық порталы