Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскеру шеру өткізілмейді

3265
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/5856b16f-7687-4100-bf75-e0ee8ec0c623.jpeg
Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскеру шеру өткізілмейді, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Биыл Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің құрметіне шеру жоспарланбағанын хабарлаймыз", - дейді Қорғаныс министрлігінен.
Бірақ жоспарға сәйкес Қазақстанда әскери қызметтің беделін көтеруге бағытталған түрлі әскери-патриоттық іс-шаралар, мерекелік концерттер ұйымдастырылады. Жеке блокта Ұлы Отан соғысы мен Қарулы Күштер ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары болады.
Жалпы, министрлік еліміздің барлық аймағында 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.
“Адырна” ұлттық порталы
 
Комментарии