Нью-Йоркте теракт орын алды: ер адам метро жолаушыларын атып тастады

2686
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 12 сәуір күні таңертең Нью-Йорк метросында адам өліміне әкеп соққан атыс орын алды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Жақын жерден ер адам бес жолаушыға оқ атқан, оны полиция іздеуде.

Оқиға Бруклин метро станциясында мыңдаған жолаушы Манхэттенге бет алған күннің қызу уақытында болған.

Полицияның мәліметінше, күдікті құрылысшының кеудешесін киіп, бетіне газға қарсы маска тағып алған. Сонымен қатар, метрода жарылғыш затқа ұқсас төрт құрылғы табылды.

Нью-Йорк метросындағы атыс оқиғасының куәгерлері әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрларды жариялады. Видеода бірнеше адамның метроның қан жоса болған аймағында жатқанын көруге болады.

Еденде жолаушылардың заттары, рюкзактары мен әмияндары шашылып жатыр.

Қазірдің өзінде атысқа қатысы бар деп танылған күдіктілер іздестіріліп, метро станцияларында полиция жұмыс істеп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бұл бойы 170 см-ден аспайтын қара нәсілді адам болған.

Пікірлер