Әдебиетші Темірхан Тебегенов қайтыс болды

3894
Adyrna.kz Telegram

Әдебиеттанушы, ғалым Тебегенов Темірхан 73 жасқа қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 1949 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

(2004). Қызылорда пед. ин-тының (Қорқыт Ата атынд. Қызылорда мемл. ун-ті) филология ф-тін (1972) бітірген.

Еңбек жолын 1972 ж. Қармақшы ауданындағы Қуаңдария а-ндағы №186 орта мектепте ұстаз болудан бастаған. 1974 – 1981 ж. облысы орт-ндағы №10 Ы.Алтынсарин орта мектебінде тәрбие жұмысының меңгерушісі, 1981 – 1991 ж. Қызылорда пед. ин-тының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында аға оқытушы, қазақ әдебиеті мен араб тілі кафедрасының меңгерушісі, 1992 ж. Халықар. [Қазақ тілі қоғамы]] респ. басқармасының мүшесі, Қызылорда облысы ұйымы басқармасының төрағасы қызметтерін атқарған. 1991 жылдан Абай атынд. Қазақ ұлттық пед. ун-тінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы.

Әдебиеттану және қоғамдық-әлеум. түрлі мәселелер бойынша 300-дей ғыл. мақала мен 8 кітаптар жазған. Темірхан Тебегеновтың әдеби-сын, зерттеу еңбектері, өлеңдері респ. басылымдарда, ғыл. жинақтарда, «Қазақстан энциклопедиясында», біршама еңбектері шетелдерде (ҚытайРесейТатарстанТүркия, т.б.) жарық көрген.

Марқұмның туыстары мен жақындарына "Адырна" ұжымы қайғыра көңіл айтады.

 

 

Пікірлер