Украинада ресейлік музыкаға тыйым салынбақ

819
Depositphotos
Depositphotos

Украинада радио, кафе және қоғамдық көлікте орыс музыкасына тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы "Адырна" сайты РИА Новостиге сілтеп хабарлайды.

Халық белсенділері Ресей Федерациясының азаматтары мен тұрғындары орындайтын аудиовизуалды туындыларды көшіруге тыйым салуды ұсынды. Шектеулер елдегі радио, теледидар, ойын-сауық орындарында және басқа мекемелерде ресейлік әуендердің ойнатылуына қарсы іске асуы мүмкін.

Заң жобасын депутаттар София Федина, Ирина Фриз, Ирина Климпуш-Цинцадзе және т.б. қолдады.

Әзірге заң қабылданса, оны бұзушыларға қатысты қандай шаралар күтілетіні айтылмаған.

Бұған дейін Украина Ресейдің әрекетін насихаттайтын ақпаратты таратуға тыйым салған болатын.

Сондай-ақ Украинада оппозициялық партиялардың жұмысына тыйым салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket