"Жағдай қиын": Кәрім Мәсімов хал үстінде жатыр

25268
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөздерден
Фото: ашық дереккөздерден

"Мұрттыға" тез арада медкөмек көрсетілуі тиіс. Мәсімовті абақтыдан босатып, ауруханаға жеткізу керек. Бұл туралы әзір ғана karimmassimov.com сайты хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Dalanews.kz ақпарат агенттігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Сайттың мәліметіне қарағанда Кәрім көке көп жыл бойы көптеген созылмалы кеселмен күресіп келеді, соның ішінде жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан.

Әлгі ауру Мәсімовтен былтырғы жылдың көктемінде анықталған екен.

Абақтыға қамалғалы бері Мәсімовтың жағдайы күрт төмендеп, ескі сырқаты қайта қозыпты.

"Заң бойынша қоғамға зияны жоқ, ауыр дертке шалдыққан тұтқындар түрмеден босауға құқылы. Мәсімовтың жағдайын білетін дәрігерлер оны дереу босатуды талап етуде. Тиісті ем-дом жасалмаса айырылып қалуымыз мүмкін...", - дейді ҰҚК-ның экс-төрағасына тиесілі сайт.

Айта кетелік, атышулы Мәсімов мемлекетке опасыздық деп жасады айыпталып, Қаңтар дүрбелеңінен кейін көп ұзамай қамауға алынған.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер