Отандық мемлекеттік қызмет саласында “Сапарбаев менеджменті” қалыптасты - Берік УӘЛИ

2018
Adyrna.kz Telegram
Президенттің бас хатшысы Берік Уәли Жамбыл облысының экс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қызметінен кетуіне қатысты пікір қалдырды, деп хабарлайды "Адырна". Бұл туралы ол өзінің Facebook желісінде жазды. 
Бердібек Сапарбаевты Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен қалыптасу кезеңінен бастап, еліміздің бүгінгі даму белесіне дейін сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері деп есептеймін.
Екі Президент, 11 Премьер-министрмен қоян-қолтық еңбек етіпті. Сол Үкімет басшыларының екеуіне орынбасар болған екен. Ал енді 5 облысқа әкім болғаны – тек Сапарбаевқа ғана тән факт.
Сондықтан саналы ғұмырын мемлекет пен қоғамның дамуына арнаған Бердібек Мәшбекұлы сияқты азаматқа құрметім жоғары. Қалай десек те отандық мемлекеттік қызмет саласында “Сапарбаев менеджменті” қалыптасты деп есептеймін, деп жазды ол.
Пікірлер