Серік Теміржанов халықаралық бокс турнирінен «алтын» алды

5468
Adyrna.kz Telegram
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық Серік Теміржанов Таиландта өткен бокстан халықаралық турнирден  “алтын” алды.Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Таиландта бокстан Thailand Open халықаралық турнирі аяқталуға жақын. Алғашқы алтын медаль Қазақстанның қоржынына түсті. Оны  57 шақырымға дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Серік Теміржанов алды. Ақтық жекпе-жекте оған филиппиндік Ян Кларк Баутиста қарсы шықты. Есеп 5:0 – отандасымыздың сенімді жеңісі»  делінген сенбі күні таратқан хабарламада.

ҰОК тағы бір қазақстандық боксшы Сұлтан Мусиновтың халықаралық турнирдің күміс жүлдесін жеңіп алғанын да хабарлады.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер