Желтоқсаншы Хасен Қожа-Ахметтің жаласына жауап хат

3284
Adyrna.kz Telegram

“Адырна” ұлттық порталында Хасен Қожа-Ахметтің "Желтоқсан көтерілісі қалай ұйымдастырылды?" деген мақаласы жарияланған болатын. Аталған мақалада автор белгілі ақын Мұхтар Шахановқа  ауыр айып тағып, сын садағына алғаны белгілі. Міне осы Хасен Қожа-Ахметтің сынына байланысты ақын өзінің пікірін білдірген екен. Қандай мәселеде болсын екі жақтың пікірін, сөзін қатар беру порталымыздың басты міндеті болғандықтан М.Шахановтың материалын өзгеріссіз, сол қалпында назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Алматыда көтеріліс болып жатқанда, желтоқсанның 19-ында Шаханов Мәскеуде өзінің жыр кешін өткізіп жатқан. Сондықтан ол – Желтоқсан оқиғасына еш қатысы жоқ адам...

Көтеріліске ешқандай саяси баға берілген жоқ. Желтоқсан оқиғасын тексерем, істің соңына жеткіземін деген Шаханов еді ғой. Егер ол жақсылап тексерсе 25 жылдан кейін осындай сұрақ қойылар ма еді?

Хасен Қожа-Ахмет

«Аңыз адам». №12 2012 ж.

Декабрьские события в Алма-Ате Колбин и уже с ними охарактеризовали как вылазку националистически настроенных людей. Авторитетная комиссия под руководством народного депутата СССР М.Шаханова, пришла к совершенно противоположному выводу: «выступление казахской молодежи не было националистическим, это было их право на свободное выражение гражданской и политической позиции». Комиссия поименно назвала виновников применения силы для разгона, избиения и ареста сотен и тысяч молодых людей. Она пришла к выводу признать невозможным оставлять на занимаемых должностях этих скомпрометировавших себя людей, но почему-то до логического конца это требование доведено не было. А в целом, надо отдать должное комиссии, она внесла полную ясность в декабрьские события и положила конец различным слухам и кривотолкам...

Динмухамед Кунаев,

(из книги «О моем времени»,

Алма-Ата, издат. «Дәуір», МП «Ынтымақ», 1992 г.)

(М.ШАХАНОВ...) Х.Қожа-Ахмет неге менің соңыма шырақ алып түсіп алды дегенге келсек, оның мәнісі мынадай. Бір-екі жыл бұрын мені «Азаттық» радиосы тікелей эфирге шақырды. Сол тұста Хасен Қожа-Ахмет: «Шаханов Желтоқсан көтерілісін аяғына дейін алып барған жоқ», – деп ескі әуеніне қайта басты. Мен де Хасеннің үстінен бір топ желтоқсаншылар арнайы хат жолдағанын, онда Х.Қожа-Ахметтің жыл сайын Қауіпсіздік комитетінің демалыс үйінде тынығатыны туралы айтылғанын тілге тиек еттім. Желтоқсан оқиғасын тексеру кезінде осы хатты Қауіпсіздік комитетінің төрағасына көрсеткенімді және оның бұл туралы айтқан пікірін радио арқылы жұртқа жариялап жібердім. Хасеннің мені атарға оқ таба алмай жүргені, міне, осыдан... «Жас қазақ үні» газетінде журналистің сұрағына орай, мен мынадай пікір білдірдім: «Желтоқсан оқиғасын тексеретін комиссия құрып, оның жұмысын жүргізіп жатқанымда осы Хасен Қожа-Ахмет маған келе қалды. Нақ сол сәтте хатшы қыз маған бір хат әкеліп берді. Онда Желтоқсан көтерілісі кезінде Қауіпсіздік комитетіндегілер бір мәшинеге толтыра арақ тиеп, алаңға жиналған жастарға әкеліп таратқан екен. Хатты сол мәшиненің жүргізушісі, «Еңбекшіқазақ» ауданының тұрғыны жазыпты. Хасен хатты оқи сала, осыны өзі тексергісі келетінін айтып, менің рұхсатыммен хатты қалтасына салып алды. Ақырында сол хатты ұшты-күйлі жоқ етті...» Осыны Хасен Қожа-Ахмет өтірік депті. Айта берсін. Сол кезде менің қасымда отырған, мұны түгел дәлелдеп беретін адамдар бар.

Б.НҰРАСЫЛ,

Шейх пен Шахановты сотқа берді»

«Халық сөзі» газеті, 26 маусым, 2012 ж.)

...Желтоқсан шындығын әйгілеу жолында Мырзалиев комиссиясынан басқа 4 комиссия құрылғанын, оның бәрінде Горбачев билігімен кескілескен күрес жүргенін жұрттың көбі біле бермейді. Комиссия шешімі бойынша билік басындағы 41 адамды жауапқа тарту шешімі де, тіпті көтеріліс кезінде қаза болған белгісіз адамдар туралы прокуратураға ұсынылған құжаттар да тексерусіз, жылы жабылған күйде қалса, оған да Шаханов кінәлі ме?

Желтоқсаншы  Хасен Қожа-Ахмет қаншама жылдардан бері жұрттан қол жинап, өзін «Халық қаһарманы» атағына ұсындырудан жалықпай, шаршамай келе жатса, Шахановтың бұл саладағы түсінігі мүлде басқа. Ол жиырмадан астам шет мемлекеттердің құрметін көріп, сый-сияпатын иеленсе де, Қазақстан билігі ұсынған шен-шекпендерден, орден-медальдардан, Халық қаһарманы атағын бермек болған биліктің ұсынысынан   да өз ұстанымы бойынша жүйелі түрде бас тартты...

Міне, не істесе де өз ар-намысының жетегінде қызмет атқаратын қазақтың қайсар ақынына ешкімнің қара күйесі жұға қоймасы анық...

«Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің атынан: Бақтыбек Иманқожа (төраға),  Құрманғазы Айтмырза, Үсіпхан Сейтімбет, Ермұхамед Қуандықов, Ерлан Декелбаев, Құдайшүкір Абдуллаев; Нұрлыбек Қуаңбаев, «Желтоқсан» Республикалық халықтық-патриоттар қозғалысының төрағасы;Темірхан Медетбек, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;Смағұл Елубай, жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті; Әзімбай Ғали, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы; Рысбек Сәрсенбай, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы; Ермұрат Бапи «Тасжарған» газетінің бас оқырманы... Барлығы 51 адам қол қойған.

(«Желтоқсан көтерiлiсiнiң 25 жылдығы жетiм

қыздың тойындай өтпеуi тиiс»

«Жас Алаш» газеті, 25 қаңтар 2011 ж.)

Халыққа көп тарайтын «Өмір-ай» газетінің 2010 жылғы 9 маусымдағы санында «Хасен Қожа-Ахмет – графтың тұқымы» деген мақала жарияланыпты. Мақаланың жарыққа шығуына Хасеннің өзі себепкер болғаны көрініп тұр. Әйтпесе оның анасы Екатерина Лисовскаяның, нағашы атасы Александр Лисовскийдің, анасының күйеуімен, Хасенмен түскен, барлығы 5 суретін журналистер қайдан ала қойсын? Мақалада Хасеннің атасы Александр Лисовскийдің беделді ақсүйектің бірі болғаны және ол кісінің орыстарға қарсы күрескені мақтанышпен баяндалыпты. Желтоқсандықтар оның анасының еврей ұлтынан екенін жиі айтатын. Байқауымша, сол рас сияқты. Онда тұрған не бар дейміз ғой. Бірақ еліміздегі ұлттық мүдденің басында жүрген сізге Хасен Хожа-Ахметтің кілең өтіріктерді құрастырып, 70 жылдық мерекеңіз тойланғалы жатқан тұста шабуыл жасауы және бірнеше телеарналарды, газеттерді бұруының арқасында бір ресейлік топ тұрғанын шамалауға болады.

Ал Х.Қожа-Ахметтің Шаханов Мәскеудегі поэзия кешінде Ербол Байжарқыновты «КГБ-ға ұстаттырып жіберіпті» дегіні шылғи өтірік. Мен Ақтөбе қаласында тұратын оның әкесіне хабарласып едім, (Ербол жол апатына ұшырағандықтан, қазір қатты науқас) ол Хасеннің ойдан шығарған өтірігіне қатты қапаланып отыр екен. Міне, мәселе қайда жатыр?

 Соңғы жылдары Хасен сіздің беделіңізді түсіруге көп күш жұмсап жүр. Өткен жылы Абай ескерткішінің қасында болған демократтар жиынында «Мұхтар Шакаловтың шайтандықтары туралы» атты ойдан шығарылған,  өсектерге құрылған 24 парақтық жинақты жұртшылыққа таратып жүргенін өз көзіммен көрдім. Аңғарғаным, бұл жігіт сізді атарға оқ таба алмай жүрген секілді...

Назарбек ҚАНАФИЯҰЛЫ,

филология ғылымдарының кандидаты

(Авторға жолданған хаттан үзінді)

«Әр адамның пенделігі өз тағдырын шешеді...»

Мұны ұғу қайда саған Қожа-Ахметтің Хасені.

Амал нешік, қызғанышың қайсар және батыл-ақ,

Асанова Ләззатқа да шаштың қара топырақ.

Тағдыр сені қаралаудың сарбазы етіп қойғандай,

Соттасып ең, абыройың төгілді одан айрандай.

Бір пәтуә таба алмастан ісіңнен, не сөзіңнен,

Қаншама адал желтоқсаншы азап шекті өзіңнен.

 

Сенікі не? Пенделік пен қызғаныштың шатысы?

«Шахановтың желтоқсанға жоқ – дейсің – еш қатысы!»

Бүкіл Кеңес билігінің парқына мұң түсіріп,

Кремльдің, Горбачевтың зәре-құтын ұшырып,

Дел-сал шақта қайта оятып, ел намысын бөгелген,

Қайтер еді ұлт,

Желтоқсанды көтермесем егер мен?

Бірақ мені мадақтаудың қажеті жоқ ол үшін,

Мұнда ерлік жоқ. Ол жай ғана азаматтық борышым.

Сол үшін де еңсем биік, сол үшін де асқақпын,

Билік берер барлық мақтау, марапаттан бас тарттым.

 

Қожа-Ахметтің маған қояр өкпе-назы көп екен,

Менің тілдік мүддеге де «еш қатысым жоқ» екен.

Жә, солай ма? Онда бір сәт үңілелік өткенге,

Орыс тілі мемлекеттік мәртебе алып кеткенде,

Құтылғандай иірімі мол ұлттық, тілдік азаптан,

Талай рухсыз депутаттар – ұлтсыз шалақазақтар,

Бір-бірімен құшақтасып, құттықтасып жатқанда,

Дабырласа, қауымдаса ұлт мүддесін сатқанда,

Мен зор айқай көтермесем,

қанып рухсыз айызы

Орыс болып кетер еді ұлттың сексен пайызы.

Әрине, олар МҒҚ* боп, бас қойып зор білімге,

Ұлтсызданып санасы,

Сөйлер еді Хасекеңнің анасы,

Екатерина Лисовскаяның тілінде.

 

Пайымсыздық батпағына батқан жансың белшеңнен.

Ал өзіңнің қай еңбегің болып еді ел сенген?

Шексіз даңққа құштарлығың жазды аңсаған даладай,

Президент те болғың кеп жүр өз шамаңа қарамай.

 

Жаның құмар әрқашан да дау-дамай мен шатаққа,

Өзіңді сан ұсындырдың «қаһармандық» атаққа.

Рас, өсек, өтірікті айналдырған ғажапқа,

Сендей рухсыз бір «қаһарман» керек біздің қазаққа!

МҒҚ* (Мордиясы ғана қазақ)


Мұхтар Шаханов,

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер