“Алтын қорға” тарихи құндылығы жоғары 100 мыңға жуық материал көшірілді

3167
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook/ Мақпал Жұмабай
Фото: Facebook/ Мақпал Жұмабай

“Алтын қордағы” аудиоматериалдарды цифрлау толық аяқталып, цифрлы форматқа тарихи құндылығы аса жоғары 100 мыңға жуық материал көшірілді. Бұл туралы “Қазақстан РТРК” АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Мақпал Жұмабай Facebook парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Осы тарихи мұраны сақтау, халық игілігіне ұсыну бойынша кешенді жұмысымыздың екінші кезеңіне аяқ бастық. Бүгінде түпнұсқа таспаларды мемлекет қарауына өткізу жұмысына кірісіп кеттік. Өткен жылдың қазан айында осы мәселе бойынша Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві директоры Жанай Омаров мырзамен кездесіп,келісімге келген едік. Нәтижесінде, тарихи мұраның құқықтық мәртебесін, сұрақтарынреттейтін шартқа екіжақты қол қойылып, 2022 жылы алғашқы кезеңде 30 мың таспаны архивке өткізуге шешім қабылданды. Бұл жұмыс осы кезде сәтті жүзеге асып жатыр”, - деді жазбасында.

Сонымен қатар, “Алтын қордың”  аудиомұрасын халыққа қолжетімді ету мақсатында altynqor.com платформасы жұмыс істеп тұр.

“Айта кетейін, таспалардың тарихы жүз жылға жуықтайды және жалғыз данада. Түпнұсқа таспаны келешек ұрпаққа жеткізу - бәрімізге ортақ міндет”,-дейді Мақпал Жұмабай.

Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер