Қазақстан құрылысшылар одағы өзінің саяси партиясын құратынын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«31 наурызда өткен есеп беру конференциясында құрылысшылар, жасаушылар, өндірушілер – «Еңбек» партиясын құруды ұсынды. Біз еңбек адамдарымыз, бүгінгі қабылданып жатқан заңдар тиімді болып, қарапайым қазақстандықтар игілігін көруі үшін бізге жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек», - деді Құрылысшылар одағы президиумының төрағасы Талғат Ерғалиев. Бұл туралы сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның айтуынша, Қазақстанда құрылыс саласының мәселелері ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келеді: құрылыс саласы дамымаған,
«Біз заң шығару процесіне ықпал етуді, қолдауды, көмектесуді, жеделдетуді, қатысуды қалаймыз. Біз бизнестің нақты өзін-өзі реттеуіне қол жеткізгіміз келеді», - деді Ерғалиев партияның құрылу себебін түсіндіріп.
Жаңа партия бағдарламасында: қолжетімді баспана бағасы; қазақтар 8-10 жылда өтей алатын төмен пайыздық ипотека; елдегі өндірісті дамытуға және азаматтардың өмірін жақсартуға бағытталған барлық реформалар бар.
“Адырна” ұлттық порталы