Сапарбаев босатылып, інісі Қызылорда облысының әкімі атанды

3054
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/bde40fde-7449-4738-b4f5-343006ef63b9.jpeg
«Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын», – делінген Ақорда сайтында.
Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 2013 жылы Қызылорда қаласының әкімі болды. 2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Қызылорда облысының жаңа әкімі — Бердібек Сапарбаевтың інісі.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии