Танымал өнерпаз Ержан Жұмабекұлының шығармашылық кеші өтті!

3326
Adyrna.kz Telegram

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Серпер сыйлығының иегері, докторант (Түркияда білім алып жатыр), ақын, сазгер, әнші Ержан Жұмабекұлының 4 сәуір күні Алматы қаласы А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханасында "Чемпион" атты шығармашылық кеші өтті.

Шарада Ержанның авторлық әндері орындалды, өлеңдері оқылды.

Жүзден аса көрермендерден бөлек кеш қонақтары ретінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып бастаған Серік Қалиев, Аманғазы Кәріпжан, Саят Қамшыгер, Мақсат Жәутіков, Еркін Тоқсейітов, Жігер Бертісов, Алмас Шаяхметов, Әлібек Байбол, Бауыржан Әліқожа, Мұрат Сейілов, Дәурен Әбдилдинов, Мерей Оразов, Ардақ Багиева, Еркебұлан Албан, Гүлжанат Исханова, Алма Серікқали, Жазира Ахметова, Назерке Рамазан, Аяулым Жұмабекқызы, Алмат Рахымбеков, Айдар Абылқасымов, Жандос Асқабиев, Мақпал Серік, "Аманат" тобы және т.б. қатысты.

Ержан Жұмабекұлының Қазақстанда қазақша-түрікше айтатын жалғыз әнші екенін айта кеткен жөн. Түркиядағы өнер саңлақтары да шығармашылығына жоғары баға беріп жүр.

Ютуб: Ержан Жұмабекұлы
Фейсбук: Ержан Жұмабекұлы
Инстаграм: Yerzhan_Zhumabekuly

Ержан Жұмабекұлының орындауындағы қазақша-түрікше әндерінің біреуін төмендегі сілтеме арқылы тыңдай аласыздар!

Пікірлер