4 жасар бала сүндеттелгеннен кейін бірден қайтыс болды

3038
Adyrna.kz Telegram

Бішкекте 4 жасар бала сүндеттелгеннен кейін көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

24.kg сайтының мәліметінше, анықтау барысында бүлдіршінді Ұлттық ауруханада анестезиямен сүндетке отырғызғаны белгілі болды.

Сүндеттелген соң көп қан кетіп ол "Платтер синдромы" диагнозымен №3 балалар ауруханасының хирургия бөліміне жатқызылды.

Бала ауруханада есін жимастан көз жұмды. Оның өліміне не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды,

— Октябрьский ауданы ІІБ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баланың ата-анасы сараптама жасаудан бас тартты.

"Бала ауруханаға 2 сәуір күні түсіп, оны бірден  сүндетке отырғызған. Өкінішке қарай, ота аяқталмай қалған. Баланы толық тексерістен өткізіп, анезтезия салғанда жүрегі тоқтап қалады. Ақ халаттылар 4 жасар бүлдіршінді аман алып қала алмады, ",- делінген хабарламада.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер