Қазақстан Грузияға мұнай өнімдері мен газды аз экспорттады

2075
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда $13,1 млн құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54,6%-ға жоғары ($8,4 млн). Қазақстандық тауарлардың экспорты 13,8%-ға төмендеп, $6,1 млн құрады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«QazTrade» компаниясының (экспортты қолдау мен дамытудың бірыңғай операторы) деректеріне сәйкес, қаңтар-ақпанда Қазақстан Грузияға мұндай тауарларын, мұнай өнімдерін және газдарды экспорттаған жоқ. Алайда, жалатылған болаттан жасалған жалпақ прокатты (өсім 9,6 есе $1,8 млн-ға дейін), ферроқорытпаларды (өсім 3,1 есе $1,7 млн-ға дейін), бидайды (58,6%-ға), коксты және жартылай коксты жеткізудің өсуі байқалды. Қырыну құралдарын, дезодоранттарды, ваннаға арналған құрамдарды жеткізу 30,1 есе өсті (12,7 мыңнан 381,9 мың долларға дейін) Ферроқорытпалар, қара металдардан жасалған металл конструкциялар және тас көмір де Қазақстаннан экспортталатын негізгі тауарлар болып табылады.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда Грузиядан Қазақстанға импорт 5 есе өсіп, $7,0 млн құрады.

Бәрінен де минералды суларды (19,6 есе $4,3 млн-ға дейін өсті), табиғи жүзім шараптары (3,5 есе $1,3 млн-ға дейін өсті), минералды және газдалған сулар, қант (5,9 есе $779,6 мың долларға дейін өсті), күшті спирттерді жеткізу (65,9-дан 253,8 мың АҚШ долл. дейін) ұлғайды.

Вакциналар, қан сарысуы, қан (60,4% - 57,9 мың долларға дейін), консервіленген жемістер, жаңғақтар (45,7%-92,4 мың долларға дейін) сияқты тауарлардың импорты төмендеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы $88 млн., экспорт– $28,1 млн., импорт – $59,9 млн. құрады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер