"Мұнда фашистер жоқ, жаңалыққа сенбеңіздер" - Украинада жүрген Арқалық қазағы үндеу жолдады (ВИДЕО)

14188
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Украина үшін соғысып жүрген Арқалық қазағының видеосы кең тарап кетті. Ол "Мұнда фашистер жоқ. Жаңалыққа сенуге болмайды" деп қазақстандықтарға үндеу тастады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

«Құрметті қазақстандықтар! Сіздерге айтар бір-екі сөзім бар. Менің атым Жасұлан. Қостанай облысы, Арқалық қаласынанмын. 2015 жылы мен Ресейдің жаңалығына сеніп, Украинаға келдім. Фашистар бар ма деп тексерейін дегенмін. Содан кейін мен бір нәрсені түсіндім. Осында жақсы адамдар тұрады екен. Қазақтарды ұнататын адамдар. Мұнда фашистер жоқ.  Жаңалыққа сенуге болмайды»- деп мәлімдеді Жасұлан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер