Тоқаевқа қастандық жасамақ болған агент ұсталды

7093
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Президенті мен жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Ұсталған Қазақстан азаматы құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлаған.

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

Алдын ала тергеу барысында жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындады, - деп хабарлайды түрлі БАҚ өкілдері.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер