"Украинада өмір жалғасуда" - Зеленский соғыс кезінде түсірілген суреттерді жариялады (ФОТО)

2979
Adyrna.kz Telegram
Фото: Владимир Зеленскийдің Telegram-каналы
Фото: Владимир Зеленскийдің Telegram-каналы

Президент Владимир Зеленский осындай қиын жағдайға қарамастан украиндықтардың батыл күрескенін атап өтіп, "Украинада бәрі бұрынғы қалпында, өмір жалғасуда" деп өзінің Telegram-каналында соғыс кезінде түсірілген суреттерді жариялады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы хабарлайды.

"Біз жау ойлағаннан гөрі бірнеше есе қиындықтарға төтеп бердік. Сен өз жеріңде болсаң, саған бәрі көмектеседі. Жердің өзі де, өзендері де, әр адамы да... Барлығы, тіпті бұрын сен күтпегендер жандар да...", - деп жазды Украина президенті.

Зеленский жариялаған суреттерде Украинаның қаһарман қорғаушылары, ескерткіштерді сақтауға көмектесу үшін өз өмірлерін қатерге тіккен еріктілер, бейбіт украиндар және бомба қоймаларына отыруға мәжбүр болған балалар бейнеленген.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер