Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіруге көмектеседі

2692
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/617bde21a8b96.jpg
Қазақстан өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстанға жан-жақты қолғабыс көрсетпек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Zakon.kz"-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев Ауғанстанда бейбітшілікке қол жеткізу және қайта қалпына келу үдерістеріне жәрдем көрсетуіне арналған БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен бірқатар халықаралық ұйымдардың донорлық конференциясында мәлім етті.
Сонымен бірге елші еліміз гуманитарлық және басқа көмек көрсету арқылы Ауғанстанды қалпына келтіру бойынша халықаралық күш-жігерге үлес қосуды жалғастырып отырғанын атап өтті. Отандық дипломат Қазақстанның Ауғанстан халқына көмек көрсету үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы, БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің қорларына ерікті жарналар енгізетінін жариялады.  

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии