Home » Жаңалықтар » Қос Корея басшылары 65 жылдан кейін кездесті

Қос Корея басшылары 65 жылдан кейін кездесті

Әлемдік саясатты үлкен өзгерістер күтіп тұр. Себебі бүгін Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын тұңғыш рет Оңтүстік Корея жеріне аяқ басып, әріптесі Мун Чжэ Инмен кездесті. Екі ел басшылары қырғи-қабақ дәуірін артта қалдырып, ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.

Мемлекет басшылары шекарадағы демаркация сызығында кездесті. Езулері жиылмаған Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин қол ұстасып сызықтың екі жағына да шығып көріп, соңынан Оңтүстік Корея жағындағы рәсімге қатысты. Президенттер ресми кездесуден кейін бірігіп ағаш екті, ал кешке таман тіпті кино көру жоспарланған. Айта кетейік,  Солтүстік Корея президенттері сонау 1953 жылғы корей соғысынан кейін көрші елге аттап баспаған.

__________________________________________________________________________________________________________________

31.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Павлодарда не атыс болып жатыр?

Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ауылында жергілікті тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлері арасында атыс болып, ...