Қызылордада балалар жылына арналған концер өтті

3075
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қызылорда қаласындағы Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында балалар жылына арналған "Өнер қуған өрендер" атты облыстық көркемөнер үйірмелеріне қатысушылардың мерекелік концерті өтті.

Концертке облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы қатысып, жас өрендерге жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, концертке қатысушыларға сәттілік тіледі. Кешке өңірдегі барлық аудан, ауылдардан 200-ден аса өнерпаз бүлдіршін қатысты.



Талайды тамсандырып жүрген Сырдың жас жыршылары мен дәстүрлі орындаушыларының, қазақ фольклор өнерін талайға танытқан ансамбльдердің,  мың бұралған бишілер мен күйшілердің, тұңғыш рет жұмысын бастаған классикалық өнердің бастауы болған балет студиясының, вокалдық орындаушылардың қатысуымен өткен  шара жоғары деңгейде өтті.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер