Төрт ауданға жұмыс берген қос зауыт

14361
Adyrna.kz Telegram

Еліміздегі ең маңызды мәселе аудандарды дамыту мен халыққа жұмыс беру мәселесі. Бұл өте маңызды, себебі соңғы уақытта урбанизация процесі үдеп, қалаға көшкен адам саны артуда. Оны реттеудің бір жолы аудандарда зауыт, фабрика және өнеркәсіп кешендерін ашу. Бұл міндетті Жаркент қаласындағы "Жаркент крахмал-сірне зауыты" мен "Универсал" зауыты сәтті жүзеге асырып келеді. 

UY5A9043-81.jpg

"Жаркент крахмал-сірне зауыты" 2013 жылы 20-желтоқсанда ашылды. Зауытта жүгеріден 18 түрлі өнім жасалады. Оның ішінде сироптар, крахмал, глютен және басқа өнім түрлері жасалып, экспорт және импортқа шығарылады. Сатып алушы мемлекеттер қатарына Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан жатады. Ал ішкі нарықта кондитерлік фабрикалардан бастап фармацевтикалық компанияларға дейін тапсырыс береді. Зауыт 80 пайыз автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Заманауи құрылғылар мен қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Зауыт басшылығы үнемі модернизациялау процесін жүргізуді қолдайды, сол себепті де зауытта жыл сайын жаңашылдық енгізілуде десек те болады. Мысалы зауыт суды үнемдеу мақсатында фильтр жүйесін орнатқан. Бұл пайдаланылған суды қайта тазартып, 70 пайызын өндіріске екінші мәрте қолдануға мүмкіндік береді.

UY5A8758-19.jpg

Зауыттың Панфилов ауданында орналасқаны да тегін емес. Аудан КСРО кезеңінде жүгері өнімін шығару бойынша көшбасшы саналған, ал қазір сол даңқты кезеңді қайта қалпына келтірді. Зауытқа жүгері өнімдерін Панфилов ауданы, Іле ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы және Ұйғыр ауданының шаруалары өткізеді. Осы арқылы зауыт төрт бірдей аудан халқына жұмыс беріп отыр деуге толық негіз бар. Маусымдық кезеңде, яғни  жүгеріні жинау мен тасымалдау мезгілінде жұмысшылар саны артады.

UY5A9015-75.jpg

Зауыт жұмысшыларына жалақыны уақытылы төлейді. Сонымен қатар жеткізу және тамақтандыру да тегін. Ол үшін арнайы асхана мен жеткізуге арналған автобустары бар. Жұмысшылардың киімін таза ұстау мақсатында киім жуу бөлімшесі ашылған. Зауыт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы оқыту орталығы да ашылған. Онда жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жастар және біліктілігін арттыру бойынша зауыт қызметкерлері жұмыс істейді.

UY5A9029-77.jpg

"Жаркент крахмал-сірне зауытының" жанында үш цехтен тұратын "Универсал" зауыты орналасқан. Алып зауыттың негізгі қызметі қаптар шығару. Үн, қант және тағы басқа өнімдерді тасымалдауға арналған қаптар тынымсыз станоктардан шығып жатыр, шығып жатыр. Айына 50 млн қап шығарамыз дейді зауыт қызметкерлері. Зауытта 500 жұмысшы бар және орташа айлық 180 мың теңге. Бұл аудан үшін өте жақсы көрсеткіш болып саналады.

UY5A9210-119.jpg

Зауытта цех басшысы болып қызмет атқаратын Жадыра Амангелдіқызы: "Универсал зауытында сегіз жылдан бері қызмет атқарып келемін. Бізде жіп өндіретін, қап шығаратын және үлкен қанар қаптарын шығаратын, тігін цехтеріміз бар. Жұмысшыларымыз екі күн күндіз, екі күн түнде және екі күн демалыс режимі бойынша жұмыс істейді. Жұмыс заң талаптарына сай сегіз сағаттан тұрады, сондықтан жұмыс графигі ауыр емес. Оның үстіне жеткізу және тамақтандыру жүйелері бар. Айлығымызды уақытылы аламыз, арнайы сыйақылар да жиі беріледі. Зауыт ұжымы достық, татулық және ұйымшылдықты ту етіп, қызмет етуде", - деді.

UY5A9297-141.jpg

Зауыт басшылығы әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қояды. Зауыт басшысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, Алматы облысы Маслихатының депутаты Зәкіржан Кузиев бастамасымен 13 мешіт Алматы облысы бойынша бой көтерген. Оның бірі Жаркент орталық мешіті.

UY5A9271-135.jpg

Сонымен бірге қиын жағдайға тап болған және әлеуметтік қолдауға зәру отбасыларына да көмек қолын созып келеді. Жаркент қаласы бойынша екі отбасыға үй салып, бақыт сыйлапты. Басшылық қайырымдылық жасау мен қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті жоғары сезінуді маңызды деп санайды. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер