Антикор Гүлмира Сатыбалдының бюджеттен 747 млн жымқырғанын хабарлады

2669
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер