Home » Жаңалықтар » Мамырдың аяғында солтүстікте су тасқыны болады

Мамырдың аяғында солтүстікте су тасқыны болады

Тасқын шыр айналдырған елімізді шығысы сәл тынышталғанда, енді солтүстікте Есіл өзені арнасынан асып жатыр. Көлік жолдарын шайып тасып жатыр. Соңғы ақпарға қарағанда, қазір Новосібір-Челябі тас жолын су басты. Ернеуінен асқан өзеннің суы елдімекендерге де зиянын тигізуі мүмкін. Өйткені, су деңгейі бір метрден артық көтеріліп кеткен.

Қазір халықаралық жолдың маңында көлік қатынасына тыйым салынып, арнайы органдар  тәуліктік кезекшілік орнатқан. Алдағы күндері судың деңгейі әлі де көтеріледі деген болжам бар. Себебі Есіл өзеніндегі қалың мұз толық ери қойған жоқ. Бүгін сол маңда орналасқан саяжайларға да су жайыла бастады. Төтенше жағдай қызметкерлері саяжай учаскілерінің дені тағы судың астында қалауы мүмкін дейді. Сондай-ақ, қала іргесіндегі Заречный ауылына баратын жолды да су басқан. Ал құтқарушылар тасқын әлі де үдей түседі деп дайындықты күшейтіп жатыр.

РҮСТЕМ ЖҰМАҒАЛИЕВ, СҚО ТЖД диспетчерлік қызмет басқармасының басшысы:

– Судың деңгейі әлі көтеріліп жатыр. Жылдағыдай саяжайлар суға кетеді. Баспаналарға су кіре қоймайды деп үміттенеміз. Бірақ бәрін бақылауда ұстап отырмыз. 29 мамырда тасқынның шарықтау шыңы болады деп күтіледі.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________

31.kz

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“Әліппе” қайта келеді

⠀”Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені ...