"Біз мұны қабылдай алмаймыз": Германия канцлері Путинді империализммен ауырады деп айыптады

4511
Adyrna.kz Telegram

Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға басып кірген басқыншы ел Ресей «тым қатты империалистік көзқарастарды» басшылыққа алғанын айтты. Саясаткер мұны қабылдауға болмайтынын атап өтті. Бұл пікірді Германия канцлері сейсенбі, 29 наурызда Дюссельдорфте сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Шольцтің пікірінше, Ресей Федерациясының «арнайы операция» деп жариялаған соғысы Украина аумақтарын басып алуға бағытталғанын тіке айту керек.

"Біз оны қабылдай алмаймыз және қабылдамаймыз", – деді Германия канцлері. Ол жағдайдың "ауыр және өте қауіпті"екенін баса айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер