«Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиді

2147
Adyrna.kz Telegram

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты алдын-ала мәліметтер бойынша, қатты желдің салдарынан «Қазмедиа орталығы» ғимаратының электрмен жабдықтау жүйесіне су тиді.

Жағдай анықталуда, шатырдың ішінара зақымдануы мүмкін.

«Депода қосалқы станцияның тұтануы нәтижесінде сағат 20:15-те теле және радиоарналардың эфирлері ажыратылды.
Ғимараттың құлақтандыру жүйесі қосылды және барлық персоналды эвакуациялау бойынша шаралар қабылданды. Техникалық қызметтер аварияның салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде»,– делінген хабарламада.

Пікірлер