Ресей біздің "бір жерімізден" мықтап ұстап отыр... Ол КТК

2599
Adyrna.kz Telegram
Қазақстанның бюджетінің 50% жуығы мұнайдан түсетін ақшадан құралатынын білетін боларсыздар.. Жылына 90 млн тонна мұнай өндірсек соның 60 млн тоннасы КТК арқылы сыртқа , 18 млн тоннасы Атырау-Cамара, бағытында Ресейге сатылатыны белгілі.
Қытайға Атасу-Алашанкоу арқылы 12 млн сатуға болады. Шын жынданса Ресей КТК ны да, Самараны да жаба салады, Қазақстанның бюджеті 2-3 есе құлайды. Тағы да жынданса бомбылай бастайды.. Сондықтан "ЕурАзЭҚ шыға салайық, Ресейден іргемізді алыста салайық" деген ұранның ар жағында не тұрғанын түсіну қажет!
Аюмен, айдахармен көрші болған қасқыр, қанша қасқыр болса да шамасын білуге тиіс. Ал бізде әскери қауқарымыз бойынша қасқар емес, түлкінің қауқары жоқ десек өтірік емес.. Қазір. "Өйту керек, бүйту керек" деп отырғандардың 99% қаңтар оқиғасында үйде тығылып отырып айтақтап отырғандар. Ертең Ресей бомбылай жөнеліп, танкілерін кіргізетін болса қаңтар оқиғасы баланың ойыны да болмай қалады!
Не істеу керек? Меніңше әліптің артын бағу керек. Ресейді Украина, Европа елдері Американың көмегімен титықтатып, ең кереметі бөлшектеп берсе ЕурАзЭҚ шыға салу еш қиындық тудырмайды. Егер Ресей жеңсе "Текені жезде, ешкіні апа" деп өмір сүргенен басқа амал жоқ.. Әрине ішің ашиды, қаның қайнайды. Бірақ тағдырың осылай болған соң амалдау керек..
Ақырын эконмиканы көтеріп, қарулану қажет, санымызы көбейту керек! Басқа қандай амалы бар? Украиндықтар қазір өкініп отыр, "Аюды, аю болғанда есінен ауысқан, ауыш аюды түрткілеп, інінен шығармай ақ өмір сүре тұру керек еді" деп.. НАТО көмектеспеді, көмектеспейді де..
Қазақстанды бомбылай жөнелсе ешкім көмек қолын созбайды "Біз сіздермен рухани біргеміз, жанымыз ашиды, дұғадамыз" дегеннен басқа не айтады??? Біреу үшін біреу басын бәйгеге тігіп, өлімге бара қоймайды.. 
Ахметбек НҰРСИЛА
Пікірлер