Тұңғыш рет қазақ балуаны сумо күресінен чемпион атанды!

6196
Adyrna.kz Telegram
Тарихи жеңіс! Қазақ балуаны Ерсін Балтағұл Жапониядағы сумо күресінен биылғы хару башёда макүшита дивизионы бойынша 7:0 есебімен үлкен спорттағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал жоғарғы дивизион бойынша Сэкивакэ Вакатакака чемпион атанды.
Сумошы Ерсін Балтағұл бұған дейін 2019 жылғы 18 қарашада Жапонияда жастар арасында өткен додада сумо чемпионы атанған болатын. Одан кейін көпке дейін отандасымыз мүлде көрінбей, көңілімізді күпті қылып қойған еді. Бұл жолғы башёда жарқ етіп көзге түсті.
Ерсін Балтағұл Токиоға Алматыдан 18 жасында аттанған. Ол бала күнінде қазақ және жудо күресімен айналысқан. Ерсіннің сумо күресіне келуіне жол ашқан – әйгілі Моңғол балуаны сумо күресінің чемпионы (ёкозуна) Асашёри Дагвадорж. Ол қазақ жігітінің ерекше дене бітіміне назары түсіп, оның Жапонияда оқуына қолғабыс жасаған еді.
Бүгінде Ерсін Нихон университетінде үш бапкерден (ояката) тәлім алады. Ол оқуға барғанда салмағы 130 келі тартса, қазір 190 келіге дейін жеткен. Ерсіннің сумодағы лақап аты – Кинбозан, қазіргі дәрежесі – Ms34.
Бақытбек ҚАДЫР
Пікірлер