"Азаматтық қоғам – мемлекет дамуының негізі" - Сыр өңірінде семинар ұйымдастырылды

1893
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында айтылған азаматтық қоғам институттарын жаңа форматта дамытудың механизмдерін талқылау үшін республика көлемінде бірінші болып Қазақстанның Азаматтық Альянсының семинары Сыр өңірінде ұйымдастырылды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Шараның негізгі мақсаты – жаңа бағыттарды айқындау, үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс жасау бойынша басқа өңірлермен тәжірибе алмасу.

Семинар жұмысына Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, Нұр-Сұлтан қаласының, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан және басқа да облыстардың Азаматтық Альянс көшбасшылары, өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай өз сөзінде еліміздегі азаматтық қоғам негіздерін дамытуда Қазақстанның Азаматтық Альянсының үлесі зор екенін жеткізді.

Шара барысында республиканың әр өңірінен келген спикерлер азаматтық секторды дамытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұсынып, өз ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдар саласындағы өзекті тақырыптар: Азаматтық орталық жұмысын ұйымдастыру стратегиясы, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырудағы азаматтық орталықтардың рөлі, ауылдық үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуді ұйымдастыру, мемлекеттік органдармен байланысты нығайту, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, оның мониторингін және бағалау тетігін жетілдіру мәселелері қаралады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер