БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: Ресей Украинаны жеңе алмайды

4569
Adyrna.kz Telegram
Фото: Depositphotos
Фото: Depositphotos

Украиналықтардың Зеленскийді жанын салып қорғап жатқаны дүние жүзін таң қалдырып отыр. Басшысын дәл бұлай жанын қиып, өмірін құдайға тапсырып қорғап жатқан ұлт адамзат баласының тарихында өте сирек кездесетін құбылыс. Сан миллиондаған украина жұртының Зеленскийді осылай қорғағанына қарағанда, ол өзі де соған лайық болғаны.

Неге?
Себебі, Зеленскийді Украина халқы сайлады. Украина халқы баптады. Сондықтан Зеленский қан майданның ортасында сарбаздарымен бірге жүр, халқымен бірге от пен су кешіп, қан майданда бірге окоптарда жүр, бірге тамақтанып жүр.

Қазір Зеленский дүние жүзінің ең айбынды қаһарман тұлғасына айналды. Дүние жүзі мойындаған даңқты қолбасшыға айналды.
Егер мен осы жігіттің орнында болсам, дәл қазір өліп кетсем де арманым жоқ деп, қол бұлғап кетер едім.

Украинаның халқы да ұлы, патшасы да ұлы!
Украинаның тау тасы да ұлы, топырағы да ұлы!

Себебі, халқы осындай ұлды сайлап, тізгінді қолына берді. Ел сайлаған жігіт елмен бірге болады. Өлім сәті төніп тұрса да елімен бірге болады.

Ресей Украинаны ешқашан да жеңе алмайды.
Ресей жеңеді деген біздегі кей жандардың ғана сөзі.

Бекболат Қаржан

Пікірлер