Пентагон Қазақстанда биозертхана салуға ақша бөлді – Лавров

5266
Adyrna.kz Telegram
Фото: belta.by
Фото: belta.by

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Пентагон ескі кеңестік биологиялық зертханаларды жаңғыртуға инвестиция салып жатқанын айтты. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы orda.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

МГИМО студенттері алдында сөйлеген сөзінде Сергей Лавров Пентагонға ресми өкілдердің қолдары қойылған биологиялық зертханаларды қаржыландыру туралы анықталған фактілер ұсынған. Алайда американдық тарап барлық айыптауларды жоққа шығарғанын айтты.

«Бізге АҚШ әскерінің Украинада не істеп жатқанын жай ғана түсіндірудің орнына, бәрі өтірік деп айтып жатыр»,  деді Лавров.

Ресей СІМ басшысы Қазақстан Тәжікстан мен Өзбекстаннан үлгі ала отырып, биологиялық қауіп-қатер саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды деп үміттенеді.

«Мәселе күрделі. Ал Пентагонның бұл мәселелерге қызығушылығы – бұрынғы кеңестік зертханалар, оларды модернизациялауға, онда жаңа нысандар құруға ақша салғаны өте қызық және нақтылауды қажет етеді. Бірақ біз бұл мәселелерді Қазақстанмен міндетті түрде шешіп, ҰҚШҰ-да үдерісті бастаймыз деп сенемін. Шешім принципті түрде қабылданды» деді ол.

Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде биологиялық қару туралы конвенцияның сақталуын қадағалайтын агенттік құруды ұсынғанын атап өтті.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер