Әнші Бүркіт әніне билеген балаларға ақша таратты

4999
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/d49c4ecc-1c14-44e3-9a04-7c062283ecdb.jpeg

Бүркіт” аталып кеткен әнші Айбек Жансейіт ән айтып жатқанда, қасына келіп билеген балаларға уыстап ақша таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әніне билеген балалардың бейнесін әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Әнші Бүркіт жары Айшамен бірге мерекеге арналған "Наурыз-думан" атты концертте "Тау-тау

сезім" атты әнді орындаған. Сол кезде жұлдызды жұппен бірге билеуге 4-5 бала жүгіріп шығады.

Шоу-бизнестегі ең бай әнші Бүркіт билеп жүрген балалардың көңілін қимай қалтасынан әмиянын алып шығып, ақша тарата бастайды.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии