Баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспорттау пысықталуда - Энергетика министрлігі

2140
Adyrna.kz Telegram

Синоптиктердің хабарлауынша Новороссийскте қатты дауыл өтіп, желдің жылдамдығы 35 м/с-қа дейін жетті, бұл Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалының жұмысына әсер етті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады. 

2022 жылғы 22 наурыздағы КҚК ақпаратына сәйкес кезектен тыс инспекцияның қорытындысы бойынша 3 - шығару айлақтық құрылғысының (ШАҚ) жүзбелі шлангілерінің бірінің күштік қаңқасының ығысуы түріндегі зақымдануы, сондай-ақ ШАҚ-2 ішкі жеңінің шлангілерінің зақымдануы анықталды, - делінген хабарламада.

Осыған байланысты КҚК-мы жуу және жөндеу жүргізу үшін көрсетілген ШАҚ-ты пайдаланудан уақытша шығару туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі КҚК-мен теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізуде, бұл ретте баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелтуді ұлғайту мүмкіндіктері пысықталуда.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер