Чехия премьер-министрі Путинді тоқтатудың "жалғыз жолын" атады

7932
Adyrna.kz Telegram

Чехия премьер-министрі Владимир Путинді және оның Украинада бастаған соғысын тоқтатудың бір ғана жолы бар деп есептейді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

"Мен санкциялар туралы айтып отырмын. Бұл санкциялар айқын болуы керек", - деп мәлімдеді ол.

Петр Фиала әр ел біртұтас көзқарасты ұстануы керек екенін атап өтті.

"Біз Ресейге нақты және бірыңғай көзқарасты және одан әрі санкцияларды талап етуді жалғастыруымыз керек, бұл Путинді тоқтатудың жалғыз жолы",- деді Петр Фиала.

Саясаткер Ресей армиясының украиндық Мариупольді талқандағанын баса айтты. Премьер-министрдің мәлімдеуінше, қазір бүкіл әлем Путиннің соғыс қылмыстарын жасап жатқанын және оның кесірінен жазықсыз адамдардың қырылып жатқанын көріп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер