МҰХТАР ТАЙЖАН: Біз сескеніп жүрген Ресей әскерінің сиқы осы ма?

2727
Adyrna.kz Telegram

Таңғы жаңалықтарды көріп мынандай ойға келіп отырмын.

Үш аптадан астам Ресей армиясы Украинаны жеңе алмай жатыр. Үш аптаның ішінде дербес елге - Украинаға - шабуыл жасап бейбіт (тіпті орыстілді) қалаларды бомбылап отыр. Әлі де бірде бір ірі қаланы жаулап алған жоқ: Киев, Харьков, Чернинов, Сумы, әсіресе Мариуполь деген ірі қалалар үздік қорғалып тұр.

Ал Ресейдің өзі үш аптаның ішінде мыңдаған жас сарбаздарынан айырылып қалды (7-14 мың). Ауғанстанда Кеңес одағы он жылдың ішінде 13 мың сарбаздарын қалдырды.

Осы ма біз сескеніп жүрген әлемдік екінші орында тұрған армиясы? Неге бізге, 10 млн Әзербайжан мемлекеті құсап, қуатты да өркениетті армияны құрмасқа? Біз 19-млн елміз ғой, қаражатымыз бар, шағын мемлекет емеспіз, шынайы кірісіп шынымен күшті армиямызды құрып аламыз деген сенімім зор. Оған тек шынайы ниет қана керек!

Пікірлер