Маңғыстауда белгісіз біреу үйге кіріп, баланы қорқытып, темір сейфті ұрлап кеткен

3816
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында белгісіз біреу үйге кіріп, баланы пышақпен қорқытып, ірі көлемдегі сейфті ұрлап кеткен, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы .

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылғы 23 ақпанда сағат 10.00 шамасында Бейнеу ауданы, Боранкөл ауылындағы үйге қара бетперде киген белгісіз біреу заңсыз кіріп кеткен.

Бетін тұмшалаған адам баланы пышақпен қорқытып, 24 065 000 теңге көлеміндегі қолма-қол ақша салынған металл сейфті, ұялы телефон мен алтын бұйымдарды ұрлап, кейін қылмыс орнынан бой тасалаған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында үш күдікті анықталып, ұсталып, кейін уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды», - деді олар.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер