«Қайрат» пен «Тараз» клубтарының арасындағы матч кезінде жанкүйерлер Қайрат Боранбаевқа қолдау көрсетті

3315
Adyrna.kz Telegram

Алматыда өткен «Қайрат» пен «Тараз» клубтарының арасындағы матч кезінде жанкүйерлер «Қайрат» клубының президенті Қайрат Боранбаевқа үлкен баннер арқылы қолдау көрсеткен. Бұл туралы “Адырна” ұлттық порталы.

Футболдан Қазақстан чемпионатының 2022 жылғы үшінші турында «Қайрат» «Таразбен» 1:1 есебімен тең ойнады.

Бірінші тайм алаң иелерінің ойымен өткенімен, алматылықтар гол соға алмады. Клубтың қамауға алынған қожайыны Қайрат Боранбаевты қолдаған жанкүйерлер трибунада тіккен үлкен баннер көпшіліктің назарын аударды.

Айта кетейік, Дариға Назарбаеваның бұрынғы құдасы, қазақстандық олигарх Қайрат Боранбаев квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер