Нұр-Сұлтандағы бірқатар мектептерге Дінмұхамед Қонаев пен басқа да белгілі тұлғалардың есімдері берілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы мынадай мектептерге тұлғалардың аттары берілді:
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 11 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 49 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 2 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Роза Бағланованың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 3 Балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 66 мектеп-лицейі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 77 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№ 83 мектеп-гимназиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімін беру туралы қаулы қабылдады.
Қаулы қолданысқа енді.
"Адырна" ұлттық порталы