Ресей телеарнасының тікелей эфирінде “соғысты тоқтатыңдар” деген ұран пайда болды (ВИДЕО)

2331
Adyrna.kz Telegram

Ресей телеарнасының тікелей эфиріне “Соғысты тоқтатыңдар” деген ұранмен бір қыз атып шығыпты. Телеарна бірден басқа сюжет көрсетіп жіберген.

Батыл қадам жасаған қыздың қолында “Соғысты тоқтатыңдар. Пропагандаға сенбеңдер. Бұл жерде сендерге өтірік айтып жатыр” деп жазылған плакат болған.

Плакатпен шыққан ержүрек қыз Марина Овсянникова. Ол “Бірінші арнаның” қызметкері екен. Өзінің әрекетінен кейін арнайы үндеу жариялапты. Қазіргі уақытта оған қарсы іс ашылғаны белгілі болды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер