"Енді бізге ақшаны тек көгершіндер жеткізбек": Western Union, MoneyGram, Payoneer Ресейден кетті

3182
Adyrna.kz Telegram

Visa, MasterCard, Western Union, MoneyGram, Payoneer, Wire, Transfer, Pay send Ресейден кетті. Бұл туралы monobank-тің негізін қалаушылардың бірі Олег Гороховский өзінің Telegram каналында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Болды! Дүкеншік жабылды! Көмек беретін ешкім жоқ. Енді бұл аумаққа ақшаны көгершіндер ғана жеткізе алады. Ой, ұмытып кеттім, Еуропалық орталық банк оларға еуро банкноттарын, ал ФРЖ – долларларды жеткізуге тыйым салды. Демек, бізге қытайлық жүк тасымалдаушы көгершіндердің арнайы тұқымы қажет", - деп налыды ол.

Гороховский Путин мен оның режимінің Украинаға қарсы соғыс ашу арқылы небәрі екі аптаның ішінде Ресейдің қаржы-қаражат жүйесін жойып үлгергенін қосты.

"Мұны Ресей Федерациясының Орталық банкінің басшысы Эльвира Набиуллинаның бірнеше рет отставкаға кету туралы арыз жазғаны, бірақ оның кетуіне рұқсат етілмегендігі дәлелдеп отыр", - деді Гороховский.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер