Желіде Тоқаевтың студент кезіндегі суреті жарияланды

2931
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/29278d0d82ef64703585c17820da09a4_xl.jpg
Ақорданың баспасөз қызметінің «БОРТ N1» Telegram арнасы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың студенттік кезіндегі  мұрағат суретін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
– Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан. Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл", - деп жазылған сурет сипаттамысында.
Сонымен қатар Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің жақында берген сұхбатынан үзінді келтірді.
"Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін", - деді Тоқаев 2022 жылдың 17 ақпанында берген сұхбатында.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии