Шымбұлақта шаңғышыны қар көшкіні басып қалды

2386
Adyrna.kz Telegram

Шымбұлақ тау шаңғы курортында қар көшкіні жүріп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Оқыс оқиға бүгін таңертең болған. Қар көшкіні курорттың Комби-2 бөлігінде жүрген. Төменге сырғанап келе жатқан демалушыны  қар көшкіні алып кеткен. Құтқарушылар оқиға орнына жылдам жеткенімен, оны құтқара алмадв.

Қар көшкіні бес рет жүрген. Төтенше жағдай орын алған жерге Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен кинологиялық топ барған.

«Наурыздың 10-ы күні «Шымбұлақ» тау курортына келуші шаңғы тебу кезінде қар көшкінінің астында қалып, мерт болды. Сағат 10:58-де курорттың құтқарушыларына Комби-2 тірегінің жоғары аймағында қар көшкіні түскені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына сағат 11:02-де жеткен құтқарушылар денені тапқан. Құтқару операциясы үш минуттан аспады. Сағат 11:05-те шаңғышыны құтқарушылар шығарып алған. Сағат 11:25-те турист фельдшерлік-акушерлік пунктке жеткізілді, сағат 11.29-да фельдшерлік пункт қызметкерлері оның қайтыс болғанын анықтады», - деді «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Шардарбек.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Пікірлер